Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қош бол, құтты Әліппем!»
24-12-2013 08:01
 «Қош бол, құтты  Әліппем!»

2013 жылы  21  желтоқсан  күні  Қ.Бекқожин  атындағы  №12 жалпы  орта  білім  беру    мектебінің   1 сынып   оқушылары    арасында  «Қош бол, құтты  Әліппем!»  атты  ертеңгілік  өтті.    Ертеңгілікке  үш  сыныптан  66  оқушы  қатысты.   Оқушылардың   тұңғыш  сауатын  ашқан,  сүйікті   оқулықтары  Әліппеге  деген  сүйіспеншіліктері  мен  құрмет, сезімдері олардың мәнерлеп  оқыған   өлең  шумақтарынан  көрініс  тапты.  Осы  аз  уақыт  ішінде  оқуды, жазуды  меңгеріп, ертегі,  шағын   әңгімелерді   оқып,  өлең жаттап, тілдерін жаттықтырғандарын,  мазмұндауға  үйренгендіктерін  жақсы  деңгейде көрсете білді.  Әсіресе,   оқушылардың  қойған   сахналық   қойылымдары  мен  айтыстары,  қыздардың  мың  бұрала  билеген  билері , өлеңдерді  мәнерлеп оқулары  көрермендердің көңілінен  шықты.  Оқушылар   мерекеге  үлкен  жауапкершілікпен, жақсы  дайындықпен ,  белсене  қатысты.