Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп директорының жанындағы отырыста баяндама оқылды
30-11-2016 04:30
Мектеп директорының жанындағы отырыста баяндама оқылды
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 31 қазаннан 18 қараша аралығында қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Білім беру мазмұнын жаңарту» тақырыбында үш апталық дайындық курсы өткізілді. Курсқа қала мектептерінен 27 тыңдаушы мұғалімдер жиналды. Тыңдаушыларға өз білімімен біліктілігін және тәжірибесін бөлісе отырып, әр ұстаздың бойына сіңіре білген, дарынды да ұлағатты ұстаз Оңтүстік Қазақстан облысы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығы «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы, тренер Қалымбет Мереке Исламбекқызы. Тыңдаушыларға мұғалімге арналған нұсқаулықпен бағдарламаны ұсына отырып, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен кеңінен таныстырды.Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасынан Қазақстанда жүріп жатқан білім беру саласындағы өзгерістер мен білім беру бағдарламасын жаңартудың өзектілігі туралы мәлімет алдық. Курс барысында жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша әр пәнге жеке дара тоқталып, өтілу барысымен, жаңа әдіс тәсілдерімен қоса қолжетімді ресурстарды ұштастыра отырып, тәжірибелік, топтық, ұжымдық, жеке дара жұмыстар ұйымдастырылды. Әр тыңдаушы осы алған тәжірибелерінің күнделікті сабақта қолдана алатындай құнды мағлұмат жинады деп ойлаймыз. Алдағы уақытта да осындай тәжірибесі мол аға оқытушылар әр ұстаздың бойына жол таба біледі сенеміз. Баяндаманы оқыған бастауыш сынып мұғалімі Елеукенова Үмітай Елеукенқызы