«Ата – ана мен бала құқығы »ата – аналар жиналысы
25 қараша күні сағат 18.00 біздің мектебіміздегі бастауыш сыныптарда ата – аналар жиналысы жоспар бойынша өткізілді. Жиналыстың күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды: - Баяндама «Ата – ана мен бала құқығы » тақырыбында;
- Мектептің ішкі тәртібі;
- Әр – түрлі сұрақтар.
Ата – аналар өз уақыттарын бөліп, бала тәрбиесіндегі өз жауапкершіліктерін сезініп, тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісіп, өз ойларын айтты. Жиналыс барысында барлық ата – аналармен тренинг өткізіліп, олардан сауалнама алынды.