Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байманова Райгүл Базылқызы мен Смагулова Жанар Бағадатқызы 9-сыныптар арасында «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін » атты әдеби кеш өткізді. Мақсаты:оқушыларды поэзияда өзіндік із қалдырған ақиық ақын М. Мақатаевтың өмірімен, шығармашылық еңбегімен таныстыру, М. Мақатаев поэзиясының халыққа кең таралуының сыры неде екенін таныту, сезіндіру, ақынның шығармалары арқылы шындықты, сұлулықты қадірлей білуге үйрету, тәрбиелеу. Әдеби кеште
«Менің анкетам» өлеңі көрініс түрінде және М.Мақатаевтің өмірімен таныстыру үшін ВИДЕОФИЛЬМ көрсетілді. «Ақынның жұмбақ әлемі» (Ақынның өмірбаяны) атты тарауында оқушылар ақыннын өмірбаянан сыр шертті , «Ақын күнделігінен үзінді» атты тарауда ақын өмірінен естеліктер оқылды.