«мектепке жол» акциясы

Қ.Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі бойынша «Мектепке жол» акциясы
Жыл сайын жаңа оқу жылын ұйымдастыру мақсатында 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында Республика бойынша «Мектепке жол» атты акция өткізіледі. Киім-кешек, аяқ киімнің, кеңсе тауарларының жоқтығынан оқушылардың мектепке келмей қалуын алдын алу- мақсатында өткізілетін акция. Осыған орай № 12 мектептің жетім оқушыларына, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға мектепке дайындық кезінде көмек жасауға «Даниял» дүкені, АҚ«Жинақтаушықұрылыс банкі» , «Әбу Бәкір Сыздық мешіті», облыстық аурухана әкімшілігі, кәсіпкерлер палатасы , «Ақтұмар» тігін фирмасы, ЖК «Манақбай», «RG brands Kazakhstan» үлкен үлес қосты Акция барысында жиналған кеңсе тауарлары және киім кешектер аз қамтылған , көпбалалы отбасы оқушыларына және жетім балаларға таратылды. Жалпы «Мектепке жол» акциясы барысында 120 оқушыға көмек көрсетілді.

