Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қалижан Бекқожиннің 102 жылдығына орай шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында мектебімізде келесі іс-шаралар өтілді
25-12-2015 06:51
Артында аса мол құнды әдеби мұра қалдырған, туған еліне кеңінен танылған, қазақ поэзиясының тарихындағы көрнекті ақындарының бірі - Қалижан Бекқожиннің 102 жылдығына орай шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында мектебімізде келесі іс-шаралар өтілді:
  • 7-сынып оқушылары сыныптарда Қ. Бекқожин өмірі мен шығармашылығына байланысты баяндамалар оқыды;
  • «Өнерлі өрендер» үйірмесінің мүшелері «Әдебиет айдынында» газетінің келесі басылымын Қалижан Бекқожиннің 102 жылдығына арнады;
  • 11-желтоқсан күні сағат 14:00-де мектепішілік Қалижан Бекқожин оқулары өтті.
  • Газеттер мен буклеттер жасау сайысы өтті.
Мектепішілік Қалижан Бекқожин оқуларының нәтижесінде 6»в» гимназия сыныбының оқушысы Ишанбаева Надия «Менің жырым – өрен тасқын» номинациясы бойынша бас жүлдеге ие болды. 6 «а» сынып оқушысы Сайабеков Бауыржан «Туғаннан тың ғасырмен мен сырласпын» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алып, қалалық ҮІІІ Қалижан Бекқожин оқыларына жолдама алды. Газеттер мен буклеттер жасау сайысында жүлделі орынға ие болған сыныптар Жаңа жылға арналған мерекеде нәтижесі жарияланады.