Құттықтаймыз!
Павлодар қаласы мектептерінің оқушылары арасындағы "ІІ Мұқағали Мақатаев оқулары" қалалық конкурсында 8 "Ә" сынып оқушысы Кабдулова Сәния мәнерлеп оқудағы шеберлігі үшін І дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектеп намысын қорғап келген жеңімпазды шын жүректен құттықтаймыз. Биік белестерден көріне бер, Сәния!