Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
МАЙРА ШАМСУТДИНОВА АТЫНДАҒЫ ӘН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ МҰРАЖАЙ-ҮЙІНЕ САЯХАТ. (5 «Ә» СЫНЫБЫ)
08-12-2017 11:19
МАЙРА ШАМСУТДИНОВА АТЫНДАҒЫ ӘН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ МҰРАЖАЙ-ҮЙІНЕ САЯХАТ. (5 «Ә» СЫНЫБЫ)

Бүгін мектебіміздің 5 сынып оқушылары Майра Шамсутдинова атындағы ән шығармашылығы мұражай- үйіне экскурсия жасады. Мұражай 30 қаңтар күні Павлодар облысының әкімі қолдауымен 2001 жылы ашылған еді. Қазіргі танда бұл ғимарат архитектуралық ескерткіш болып есептеледі, оны татар байы Абдул-Фатах Рамазанов 1900 жылы салған.Мұражай қызметкері оқушыларды өте жылы қарсы алып, әншінің өмірбаяны, тұрмыс-салты, оның еңбегі, шығармашылығы туралы толық мағлұмат берді. Майра Уәлиқызы Шамсутдинова Ертіс елінен шыққан халқымыздың асыл қызы, ән өнерінің шоқ жұлдыздарының бірі, асқан дарынды, әнші-композитор.Музей eкі экcпозициялық залдaн тұрaды. Экспозициядa Мaйраның өмiрі мен шығармaшылығын көрсететін фотoлар, құжaттар көрсетiлген. Сонымен қатар Мaйра Шамсутдинoваның тұрмыcта пaйдаланған заттарын көруге болады. Өткен ғасырдағы аты әйгілі қазақтың әнші қызы Майра маңындағы өнерлі, әйгілі әнші, ақын, спортшы адамдардың да аттары аталып, олардың фото-құжаттары көрсетілді. Естай Беркимбаев, Иса Байзаков, Амре Кашаубаев, Кали Байжанов, Қажымұқан есімдерін естігенде, оқушылар да өз білгендерін айтып, барлық ақпаратты қазыға тыңдады.Әншінің киген киімін, қолданған ыдысын, ойнаған гармонін өз көздерімен көріп, мұқият тыңдаған оқушылардың қуанышында шек болмады. Экскурсия соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, мұражай қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Сынып жетекішісі: Алия Ром