«Асық ату» бойынша облыстық турнир
9 желтоқсан күні асық атудан мектеп оқушыларының арасында жарыс өтті. Ұлттық ойынға Павлодар қалалық білім ошақтарынан 30 мектеп қатысып, ептіліктерін танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша:жүлделі І -ші орынға "Павлодар қаласының № 35 жалпы орта білім беру мектебі",ІІ-ші орын "Павлодар қаласының № 34 инновациялық үлгідегі жалпы орта білім беру мектебі",ІІІ-ші орын жүлдесін "Павлодар қаласы Қ. Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі" иеленді .Жеңімпаздарға мадақтамалар табысталды.Жеңіс құтты болсын !Асықтарың әрдайым алшысынан түссін!!!