Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ең үздік 100 мектеп» арасындағы - көшбасшы
11-12-2017 11:47
«Ең үздік 100 мектеп» арасындағы -  көшбасшы

2017 жылдың 14 қазанында Астана қаласында «Халықаралық Экология, инженерия және педагогика ғылым академиясы» Қоғамдық қорының қолдауымен «Қазақстан Республикасының ең үздік 100 мектебі» атты тақырыбында республика көлемінде форум ұйымдастырылды.

Аталған форумға Қазақстан Республикасының білім беру мекемелері қатысты. Солардың ішінде 7346 жалпы білім беру мектебі, 5129 бала бақша, 564 колледждер мен 15 жоғарғы оқу орындары қатысты.Оның арасынан іректеле отырып, Білім көшбасшысы ретінде мектепке дейінгі білім беру саласынан - 25, жалпы білім беру мектептерінен – 25, колледж арасына – 25, жоғарғы оқу орындарынан – 25 мемлекеттік мекемелер іріктеліп, білім саласының «Ең үздік 100 мектеп» қатарына өтті. Бұл рейтинг Ресей мен Польша сарапшыларының шешімімен жүзеге асты.

Солардың арасында мектептің рухани жаңғырудағы көп жылдық жетістіктер мен тәжірибелерді жинақтап, шеберлікпен көрсете білуіне байланысты осы үлкен форумға Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің директоры Смагулова Майкен Қалымқызы шақырылды.

Ашық жарқын қарым - қатынас форумында мемлекетіміздің ақын, диплопат, саяси және қоғамдық қайраткерлері мен Қазақстанның еңбек сіңірген ері - Олжас Сүлейменов және Қазақстанның мемлекеттік қайраткері - Ғани Қасымовпен кездесулер ұйымдастырылды. Кездесуде ұстаздардың қоғам алдындағы зор абыройлары мен Қазақстанның нағыз азаматтық - патриоттық жеткіншектерді тәрбиелеудегі мұғалімдердің ерен еңбегі, бүгінгі білім саласына жаңа мазмұнды кіріктіріп оқытудың мәселелері талқыланды.

Осы форумда салтанатты түрде арнайы шақырылған көшбасшымыз М. К. Смагулова «Ыбырай Алтынсарин атындағы Республикалық білім қызметкерлерінің Ассоциациясы» ұйымынан «Білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбегін жоғары бағалап және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін » алғыс хат пен «Халықаралық Экология, инженерия және педагогика ғылым академиясы» Қоғамдық қорының «Білім көшбасшысы - 2017» атты сертификат табысталып, Д. А. Қонаев атындағы орденмен марапатталды. Білім жолында еңбегіңіз еленіп, биік шыңдардан көріне беруіңізге шын жүректен тілектеспіз.