Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Адрес: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Жеңіс құтты болсын!!!
10-01-2018 14:31
Жеңіс құтты болсын!!!

«Ақберен» атты оқушыларды ақындық, шешендік өнерге баулитын қалалық байқауында оқушыларымыз үздіктердің қатарынан табылды. Ақындығымен көзге түсіп, 8 «А» сынып оқушысы Сайабеков Бауыржан ІІІ орын иеленді, Шешендік өнердің қыр-сырын жақсы меңгеріп, өзінің білімін алға тартып, 9 «А» сынып оқушысы Болат Аяулым ІІ орын қанжығалады. Домырасын күмбірлетіп, қазылар алқасының көңілінен шыққан 7 «Б» сынып оқушысы Такиев Ерасыл ІІІ орынды иеленді.
Ал суырып салма ақындық қабілетінің арқасында елді аузына қарата білген 9 «Ә» сынып оқушысы Кәрібай Нұрбек І орын, ал қаламы ұшты, шығармашыл 10 «Ә» сынып оқушысы Әубәкір Асылжан шығарма жазу номинациясы бойынша І орынды қанжығасына салды. Жеңістерің құтты болсын жас өрен!