Жаңартылған білімге жаңаша көзқарас
ІІІ тоқсанды мектебіміз қалалық оқу бөлімінің жоспарлауымен өткізілген коучингпен бастады. 8 қаңтар күні 15.00-де тәжірибелі де өнегелі ұстазымыздың бірі Байманова Райгүл Базылқызы «Жаңартылған білімге жаңаша көзқарас» тақырыбында коучинг өткізді. Қалалық білім ордаларынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Оқу мен оқытудағы өз іс-тәжірибесімен, оқушының білім деңгейін арттыруға ықпал ететін тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Бірлескен өзара қарым-қатынас орнап, коучинг таныстық пен жылы жүздесумен аяқталды. Қатысқан мұғалімдер коучинг мақсатына жеткенін айтып, Райгүл Базылқызына алғыстарын білдірді.