«Менің роботым»
Оқушылардың бағдарланған робот дағдыларын жетілдіру мақсатында 2018 жылы 30 қаңтарда № 25 ЖОМ «Менің роботым» робототехника бойынша алғаш рет I қалалық олимпиада өткізілді. 5 - 8- сынып оқушылары ЛЕГО Мindstоrm конструктор негізінде орындалған, автономды роботтарды дайындағаннан кейін, «РОБОСУМО» жарысына қатысты. Жекпе-жек ара қашықтығына қарамастан қарсыласын алаң сыртына тиімді шығарып тастаған робот жеңімпаз аталады.9 - 10-сынып оқушылары роботты бағдарламалап және жинағаннан кейін «Гонки по линии» жарысына қатысты. Жарыс шартының бірі аз уақытта ара қашықтықтың қара жолағы бойынша қозғалып,бір шама ұпай жинау болып табылады.