Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Өлеңмен өткен өрлерім » атты әдеби-сазды кеш
24-02-2018 11:36
«Өлеңмен өткен өрлерім » атты әдеби-сазды кеш

2018 жылдың 21 ақпан күні ОКЖ № 15 көпшілік кітапханасымен №12 Қ.Бекхожин атындағы мектептің 9 сынып оқушылары арасында Қ.Бекхожиннің 105 жылдығына арналған «Өлеңмен өткен өрлерім» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шара басында жүргізуші Рахымгалиева Лида Тулеповна кітапханада көп жылдар бойы «Мәңгілік сүйікті туған өлкем» атты мақсатты бағдарламасымен биыл облысымыздың 80 жылдығы және елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылып отырғанын айтып өтті. Одан әрі шара ақынның «Ұйқы рақат десек те» атты өлеңімен жалғасып, «Өлеңмен өткен өрлерім» атты слайд тұсаукесумен жалғасты. Жүргізішлер Рахымгалиева Лида Тулеповна мен Кабылова Айгерім Барлыкхановна келген қонақтарды таныстырып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп одан әрі №12 Қ.Бекхожин атындағы мектептің оқушылары «Ерке сылқым» күйімен әрлендірді. Кітапханашы Михел Э.А ақынның «Стихи О Павлодаре» атты өлеңін оқып берді. Кеш жүргізушілері ақынның поэмаларына тоқталды, «Мариям Жагорқызы» поэманың шығу тарихына айтып «Сағым жылдар» ансамблінің мүшесі Маутина Қарылғаш «Дударай» әнін орындап берді. Ал «Жұт» поэмасын №12 Қ.Бекхожин атындағы мектептің оқушысы Айдархан Дилназ айтып берді.
Шара қонақтары №12 Қ.Бекхожин атындағы мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Борумбаева Майра Қадырбекқызы сөз алып, осы мектептің ақыны атауымен қашан алғанын, тыныс тіршілігімен және Қалижантану орталығы жұмыс жасайтынын, «Қалижан оқулары» өткізілетінін әңгімелеп берді.
Шарада қонақтарға сонымен қатар Қ.Бекхожиннің шығармашылығына арналған «Өлеңмен өткен өрлерім» атты вертуалды көрме көрсетіліп, №12 Қ.Бекхожин атындағы мектептің оқушылары «Менің жырларым-өмір сыры» атты әдеби монтажға қатысып, ақынның «Ұрпағы Баянның» өлеңін Сұлтан Қайыржан, «Тым асығыс келемін» өлеңін Арын Дәмелі, «Шыққан күнге қуанам» Мұсаева Латифа, «Ұнатамын» Жанкаринова Аружан, «Досым-ау» Әлхан Салима, «Жаңбыр жауар» Ишанбаева Надия, «Жатпаймын жайбырақат төсекте мен..»Айдархан Ділназ, «Ертіс көктеміне» Шаһмардан Гауһарлар өлеңдері мәнерлеп, жатқа айтты.
Шара соңында қонақтарға сөз беріліп, өлкеміздің ақыны, бірнеше кітаптың авторы Шолпан Байғалы Қ.Бекхожиннің «Батыр Науан» тарихи шығармасына тоқталып өтіп, балаларға табыс тілеп, кітапханаға «Қызылтаң – алтын бесігім» атты кітабын тарту етті. Ал «Сағым жылдар» ансамблі ақынның қаламынан туған, әні Е.Брусиловскийдің «Кел, біздің ауылға» атты өлеңін шырқап берді.
Кеш жүргізушілері ақын ағамыздың шығармалары әрқашан жас ұрпақты рухты оятатын, жақсы адамгершіл қасиетке, патриоттық сезімге тәрбилейтінін, осындай елімізде ақын ағамызды мақтан тұтатындарын айтып шараны аяқтады. Одан әрі кітапхана меңгерушісі Л.Т.Рахымгалиева келген қонақтарға, оқушылараға алғысын айтты. Шара соңында барлығы естелікке суретке түсті. Шараға 35 адам қатысты.