
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2017 жылдың қыркүйек және 2018 жылдың мамыр айы аралығында «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасын өткізуді ұсынған еді. Бастаманың мақсаты – мейірімді істерге, қайырымдылық акцияларына балалардың қатысуын қамтамасыз ететін іс-шаралар ұйымдастырып, қоғамға риясыз қызмет көрсетудің жағымды идеяларын насихаттау.
Қ.Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебі бойынша «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты республикалық балалар бастамасы бойынша мектептерде іс-шаралар жоспары құрылып, жұмыстар жасалуда. №12 жалпы білім беретін орта мектебінде аталмыш бастама бойынша наурыз айында мүмкіндігі шектеулі және денсаулығы сыр берген балаларға «Мейірімділер клубы» қолдауымен көмек қолын созып, оқушылар тарапынан пластикалық крышкалар жиналып, тапсырылды.