Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Абай оқулары»
02-03-2018 14:50
«Абай оқулары»

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің 2018 жылығы жоспарына сәйкес 2018 жылдың 1 наурызда Павлодар қаласы № 22 жалпы орта білім беру мектебінде 5-11 сынып оқушылары арасында «Абай оқулары» өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы және «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2017-2019 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары» шеңберінде ұйымдастырылған шараның мақсаты - мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың, Шәкәрім шығармаларын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген оқушылардың құштарлығын арттыру болатын.
Байқау мынандай номинация бойынша өткізілді. «Өлең- сөздің патшасы, сө сарасы»( Абай мен Шәкәрім шығармаларын жатқа айту), «Көңілім әнді ұғады»»( Абай мен Шәкәрім әндерін, күйлерін орындау), Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» ( жас дарындар конкурсы), « Ұлылар үндестігі» ( эссе жазу ) Байқау шартына сәйкес үміткерлер Абайдың білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасы мен қара сөзін мәнерлеп оқудан, «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа және Абайдың әндерін орындаудан тартысқа түсті.
Түбі терең ойымнан,
Сөз жазамын қиыннан
Өлеңімнің барлығы
Өмірімнен алынған,-дегендей «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясында қазақ сахарасының өзіндей алып, өзіндей ұлы ғажайып таланттың иесі,қасиетті де аруақты,әлем әдебиетінің жарық жұлдыздарының бірі- Абай атамызға жүрегінен жыр арнап, қиыннан қыстырып жыр шумақтарын арнаған 9 «Ә» сынып оқушысы Кәрібай Нұрбек топ жарып, қанжығасын 1 орынды байласа, 10 «Ә» сынып оқушысы Әубәкір Асылжан «Ұлылар әлемі» номинациясында ( эссе жазу) 2 оынды иеленді.