Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Адрес: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Ұлыстың ұлы күні- Наурыз!» мейрамы
17-03-2018 11:06
«Ұлыстың ұлы күні- Наурыз!»  мейрамы

Бүгін біздің мектебімізде 5-7 сыныптар арасында «Ұлыстың ұлы күні- Наурыз!» мейрамы тойланып жатыр.
Наурыз мейрамы – қазақ халқының көшпелі тұрмысының қуанышты кездерін бейнелейтін ұлық мереке. Қыстан аман шыққан халық айналасынан сүйінші сұрап, ұлан-асыр той жасап қарсы алатын болған.
Жаңару, ынтымақтастық пен жылулықтың мерекесі атанған бұл күні барша қазақстандық бір-бірін жыл басымен құттықтап, түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырады.
Бұл – ренжіскен ағайын табысып, барлық жамандық ұмытылатын, жақсыға қарай бет бұратын күн. Игілікті істерге, бейбітшілікке, бірлікке, ізгілікке, қайырымдылыққа, тағы да басқа ізгі істерге шақыратын бұл мерекенің мәні зор.
Ұлтымыздың ұлылығын ұлықтаған, дәстүрімізді дәріптеп, ізгілік пен мейірімділікке, бейбітшілікке бастайтын Наурыз мерекесі баршаңызға құтты болсын!