Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Интернет тәуелділігінен арылудың жолдары Психологтардың кеңесі
25-04-2018 13:20
Интернет тәуелділігінен арылудың жолдары Психологтардың кеңесі


Жасөспірімге білім алу уақытында сабаққа бару, сабақ уақытында сабақ оқу, ойын уақытында ойнау керектігін ұдайы жеткізіп отырған жөн. Күнделікті жоспары бар жасөспірім ойын уақытында қалағанынша ойнасын. Сабақ оқу уақыты келгенде, сабағын оқысын. Ережелерді ата-анасымен бірге белгілеуге және күнде осы ережелерді қайталағаны дұрыс. Кез келген бала өзін қадағалауды осылайша үйренеді дегенді алға тартып отыр. Бұдан бөлек, интернетке қаншалықты тәуелдісіз, мына тест арқылы анықтап көріңіз.
1.Компьютермен қанша сағат жұмыс істейтініңізді алдын ала анықтап айта аласыз ба?
2.Жоспарлаған ісіңізді монитор алдынан алшақтай алмағандықтан орындамаған кездеріңіз болды ма?
3.Интернетте «отырған» сәтте қуаныш сезімі бола ма?
4.Компьютер алдында қазіргіден де көп уақыт өткізгіңіз келе ме? 5.Интернеттен қол үзіп, off-line болғанда мазасызданып, ашуланасыз ба? 6.Виртуалды кеңістікте әдеттегіден ұзақ уақыт өткізетініңізді сезесіз бе? 7.Компьютер алдына ұзақ уақыт болғандықтан достарыңызбен туыстарыңызбен қарым-қатынасыңыз бұзылған жоқ па?
8.Сүйікті ісіңізден интернет үшін бас тарттыңыз ба?
9.Шынайы өмірге қарағанда интернет арқылы танысу, араласу көбейіп кетті ме?
10.Достарыңыздан, отбасыңыздан интернетте шын мәнінде немен айналысып отырғаныңызды жасырасыз ба?
11.Көзіңіз ауыр тартып, арқаңыз бен басыңыз ауырып, салмағыңыз өзгерді ме?
12.Интернетте жиі отырғандықтан күнделікті өміріңіз өзгерді ме?
Егер осы сұрақтардың жартысынан көбіне «иә» деп жауап берсеңіз, онда сіз де ғаламтордың «торына» түсетін келесі тұтқыны болып қалуыңыз әбден мүмкін. Ал бұдан шығудың жолдары соншалықты күрделі емес. Интернет тәуелділіктен арылуды сол пошта тексеруге арнайы уақыт тағайындаудан бастау керек. Арнайы уақыт тағайындаңыз да сол ережеден ауытқымаңыз. Өзіңізге жаңа қызығушылық не хобби ашыңыз. Түрлі қауымдастықтар мен клубтарға барыңыз, спорт, музыка, би, ән айтумен және т.б. шұғылданыңыз. Досыңызы ертіп дене шынықтырумен айналысыңыз. Кинотеатрға, концертке барыңыз, кітап оқыңыз. Жалпы интернеттің орнын баса алатын бір қызығушылық табыңыз. Білім деңгейіңізді көтеріңіз. Үйіңізде бұрыннан оқығыңыз келіп жүрген кітаптар бар шығар. Соларды оқуға кірісіңіз. Википедияның орнына энциклопедия оқыңыз. Осылайша интернеттен алшақтап қана қоймай, өз біліміңізді де жетілдіресіз. Ас үйге көңіл бөліңіз. Чатта не болмаса форумда отырудың орнына анаңызға кешкі ас дайындауға көмектессеңіз, үйдегілердің бәрі қуанып қалары сөзсіз. Достарыңызбен қыдырыңыз. Боулингке, сауда орталығына, сырғанаққа баруды жоспарлап, қыдырыңыз. Интернет қолжетімді жерлерге барудан бас тартыңыз, мысалы, интернет-кафеге. Отбасылық кеш ұйымдастырыңыз. Мысалы, күнделікті теледидарға не мониторға телміргенше, кешкі астан кейін жиналып, үстел ойындарын ұйымдастырып, ойнаңыздар. Компьютерде отыру уақытын шектеңіз. Күніне осынша сағаттан осыншаға дейін отырамын деп арнайы уақыт тағайындаңыз. Аптасына қанша рет шығу керектігіне де кесте жасаңыз. Егер жұмысыңызды аяқтасаңыз, тез шығып кетуге тырысыңыз. Достарыңызбен интернет арқылы сөйлескенше, кездесіп әңгімелесуге тырысыңыз. Әлеуметтік желілерге көп уақыт бөлмеуге тырысыңыз. Таймер қолданыңыз. Компьютерге отырарда таймерді 30 минутқа қойып қойыңыз. Сигнал компьютер алдында қанша уақыт отырғаныңыз жайлы хабар беріп отырады. Компьютер алдында тамақ жемеңіз. Ас үйге барып, тамақ ішу онлайн режимнен біраз уақытқа болса да босатады. Түйін: Айтуға оңай болғанымен, әрине, жастарды бірден интернетке деген тәуелділіктен арылту қиын. Бірақ бұл «бұдан шығатын жол жоқ» дегенді білдірмейді. Қазір виртуалда танысқан жастар күнделікті өмірде бас қосып, кездесіп жатыр. Мысалы, еліміздің қалаларында домбыра пати, асық пати, секілді кештер ұйымдастырылып жүр. Осы дәстүрді кеңінең үлкен көлімде қолға алса, жастарды қызықтырары сөзсіз. Бұдан бөлек, қалада жастар баратын түрлі спорттық үйірмелер бар. Айталық, шахмат, тоғызқұмалақ, күрес, бокс, суда жүзу, т.б. Қаласа театр, көрме, цирк, кинотеатр, саябақтарға барып көңіл көтерулеріне болады. Әрбір жас тиянақты білім алумен қатар, күн тәртібіне бос уақытын пайдалы өткізуді күнделікті жоспарлап үйренсе, интернетке деген тәуелділікті алмастырар еді.

 

Ата-аналарға кеңестер.
1. Балалардың теледидар алдында қанша уақыт өткізетіндігін үнемі бақылаңыз. Педиатрлардың пікірінше, теледидар бала өміріне 3 жастан бастап енуі керек. Оның үстіне оны 15 минут қана қарау керек.
2. Теледидарды электронды бала күтуші ретінде пайдаланбауға тырысыңыз. Балаға теледидарға байланысты емес іспен айналысуды ойлап табуға болады: конструктор ойыны, сурет салу. Баланың айналысқан ісіне қызығушылық танытып, бірер көмек көрсетіп жіберу жеткілікті.
3. Мектеп жасындағы балаға мектепке барар алдында теледидар көруге тыйым салыңыз. Себебі бала ерте көрген хабарлардан қозып, жұмыс уақытына көңіл қоюы қиынға түседі.
4. Кітап оқытыңыз. Оқуға деген махабатты ата-аналар ғана үйрете алады. бастысы кітаптарды таңдап, үй кітапханасын дұрыс құру керек.
Ең басты және маңызды ереже – баланың өміріне деген риясыз қызығушылық. Егер ата-аналар баланың жақсы достары ретінде танылса, теледидар екінші орынға ауысады.
Интернетке тәуелділік.
Интернетке тәуелділік белгілері:
1. Бала интернетті есеңгіреуден айығудың тәсілі ретінде қолданады;
2. Бала интернетте отырғанда уақыттан тыс қалады;
3. Интернетте бала көп отыруы үшін ұйқысын қияды;
4. Бала достарымен отбасынан гөрі, интернетте көп отырғанды қалайды.
5. Бала интернетте отырғанда ата-аналары мен достарына жалған айтады. Оның мектепте проблемалары бар, қосымша сабақтар мен үйірмелерге ол мүлдем баруды қояды;
6. Баланың интернетке қосылуына рұқсат бермесе, ол тез ашуланады;
7. Интернетке дейін қызықтап жүрген істеріне деген баланың қызығушылығы тоқтайды.
8. Бала күніне бірнеше рет электрондық поштасын тексереді;
9. Ата-анасының интернетті пайдалануға берген мерзімдерін сақтамайды, компьютер алдында тамақтанады.
10. Баланың бойында өзгерістер пайда болады: мазасыздық, бой берместік; интернетті ұзақ уақыт пайдаланғасын қолы дірілдейді;
11. Бала интернет туралы көп ойлайды, виртуалды әлемді нақты әлемнен айыра алмайтын қалыпқа түседі.
Интернеттегі алуан түрлі ақылы қызметтер ата-анасының ақшасын рұқсатсыз жұмсауына әкеліп тірейді. Интернет ойындарындағы зорлық-зомбылық жастар арасындағы мінез-құлыққа кері ықпалын тигізеді.
Ғалымдардың пікірі бойынша, ата-аналар баласының компьютер алдында немесе айналысатындығына алдын-ала қызығушылық танытқаны дұрыс. «Бала қаншалықты кішкентай болса, соншалықты медиа тәуелділікке жақын болады».
Компьютерге кез-келген бала тәуелді болады. Бірақ, бастауыш сынып оқушыларының және жасөспірімдердің интернетке тәуелділігінің негізгі себептерін анықтауға болады:
Жылы қарым-қатынас пен отбасындағы эмоциялық қарым-қатынастың болмауы;
Баланың айналысатын мағыналы сүйікті ісінің болмауы;
Айналасындағылармен жағымды байланысты орната алмауы, достарының жоқтығы.
Интернет пен одан тыс уақытта өткізетін уақыт арасындағы теңдікті игеруге арналған кеңестер:
1. Интернетке тәуелділік белгілерінің білінуін қадағалаңыз. Балаңыз интернетке қанша уақыт отыратынын анықтаңыз.
2. Көмек сұраңыз. Өзіңіз жаңа технология туралы мәліметіңіз аз болған жағдайда білетіндерден көмек сұраңыз.
3. Компьютерді ашық бөлмеде ұстаңыз. Компьютерде отырғанда сұйықтықты минералды немесе таза қайнаған су ішіп отырған жөн. Себебі, су биология тұрғысынан организмдегі су жетіспеушілігін толтырып отырса, екінші жағынан жиі дәретханаға барудың арқасында компьютерден ажырайды.
Компьютерге тәуелділікке, негізінде, кез келген бала кездесуі мүмкін, бірақ ол мүмкіндіктер азаяды егер:
Отбасында мейірімділік, тыныштық, жайлылық пен сенімділік ахуалы болса;
Балада жан-жақты қызығушылық пен айналысатын ісі болса;
Бала айналадағылармен позитивті қарым-қатынаста бола білсе;
Бала өз алдына тым болмаса кішігірім мақсат қоя білсе.

Құрметті ата-аналар!
Өздеріңізді жоғарыдан төмен түсіріп, балаңызбен теңбе-тең қарым-қатынас жасаңыз, сонда ғана сіздің балаңыз өзін тәрбиеленуші ғана емес, сонымен қатар анасының қорғаны, әкесінің көмекшісі болып, сіздің балаңыздың жауапкершілігі мол, өзін-өзі басқара алатын және өзін де, өзгелерді де сыйлайтын адам болады. «Балаңды 5-ке дейін патшаңдай көтер, 15-ке дейін құлыңдай жұмса, 15-тен кейін досыңдай сыйла» деген керемет ұлағатты нақыл бар.
Қателігін түсіне білетін,
Дұрыс жүріп, күтіне білетін.
Үлкенді сыйлап, кішіні сүйетін,
Білімді жинап, дүниені шолатын балаларыңыз үлкен азамат болып өссін!
Сөз соңында ұлы ұстаз Макаренконың: «Баламен шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре берістегі, жол-жөнекей айтылған сөз бала көңілінде керекті із қалдырмайды» деген парасатты оймен түйіндегелі отырмыз.