Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Адрес: Павлодар, ул. Щедрина, 60
8 71 82 22 88 12
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
среда с 14.00 до 16.00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Екпе егу туралы мәлімет.
26-04-2018 10:38
  Екпе егу туралы мәлімет.


Оқушылар мен ата-аналарға арналған мектеп медбикесі Алтын Ахметжанқызының  екпе егу туралы мәліметі

Жұқпалы аурулардың белгілі бір түрлерінің алдын алу үшін профилактикалық екпе жасау тиімді әдіс болып табылады. 70-жылдардың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бастамасымен нағыз шешекке қарсы екпе жасау әлем бойынша шешектің толығымен жойылуына әкелді.

Қазіргі уақытта Европа аумағында, соның ішінде Қазақстанда полиомиелит сияқты ауыр жұқпалы ауру жойылды. Республикамызда қызылша, қызамық және туа біткен қызамық синдромын жою бойынша бағдарламалар дайындалды. 1998 жылдан бастап вирусты гепатитке қарсы, 2005 жылдан бастап қызамыққа қарсы, 2008 жылдан бастап Хиб-инфекцияға қарсы вакцинация енгізілді. Дифтерия, көкжөтел, сіреспе ауруларын күрт азайту туралы мәселе тұр. Бұл ауруларды жою немесе ең төменгі көрсеткішке дейін жеткізу тек тиімділігі жоғары вакциналармен профилактикалық екпе жасау арқылы ғана мүмкін.

Ересектер мен балаларды дифтерия ауруына қарсы жаппай егу тұрғындар арасында жоғары деңгейде иммунитет қалыптастырды.

Аталған аурушаңдықтың болмауы ата-аналарды алаңдатпағандықтан, кейбір жағдайларда ата-аналар екпе алудан бас тартады. Алайда полиомиелит вирустары әрдайым қоршаған ортада айналымда жүретіндіктен егілмеген адамдар кез-келген уақытта ауырып қалады Ағымдағы жылы Ұлттық егу күнтізбесіне өзгерістер енгізіліп, әлсіздендірілген және реактогенділігі аз аралас (комбинирленген) вакциналар енгізілді. Оның артықшылығы инъекциялар саны, балалар травматизмі азаяды және постинъекциялық асқынулар даму қаупі төмендейді.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация алу міндетті болып табылад және ақысыз жүргізіледі. Қазақстанда вакцинация әрбір адамға қолжетімді, оның ішінде басқа елден келгендер үшін де. Аталған Кодекстің 156-бабында «Қазақстан Республикасы аумағында жүрген барлық жеке тұлғалар тегін медициналық көмектің кепілдік көлемі шегінде жұқпалы және паразитарлы ауруларға қарсы алдын ала екпелерді алуға міндетті» деп көрсетілген. Сәйкесінше, ата-аналардың балалар иммунизациясынан бас тартуы баланың өмірге және денсаулыққа деген құқығын бұзушылық болып табылады.

  Екпелер дәрігер қарауынан кейін, медициналық қарсы көрсеткіштерді сақтай отырып жүргізіледі.

  Құрметті ата-аналар, өз балаларыңызға уақытында екпе жасатудан бас тартпай, өздеріңіз де егіліңіздер. Сізді ақыры ауыр қайғыға соқтыратын жұқпалы аурулардан тек профилактикалық екпелер ғана қорғай алады.