Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«21 ғасырдағы Қазақстандық ата-аналар: Өз балаңа үлгі бол» ата-аналар конференциясы
08-09-2018 09:36
«21 ғасырдағы Қазақстандық ата-аналар: Өз балаңа үлгі бол» ата-аналар конференциясы

Отбасында болып жатқан барлық мәселеге – ата-аналар жауапты. Егер ерлі зайыптылардың арақатынасы ұрыс, жанжалға айналса, немесе жасырын түрде құрдымға кетсе, мұнымен ата-ананың баламен қарым-қатынасы бұзылады.
Бұның нәтижесінде «тілазар», «қиын», «шатақ», «іштей комплексі бар» балалар пайда болады. Мұның барлығы ата-ананың балаға берген тәрбиесінің арқасы. Қалай үлгілі ата-ана болуға болады? Балаға қалай көмектесуге болады, оның даму кезінде дағдарыс жағдайынан қалай шығаруға болады? Баланы тәрбиелеу кезінде бұл сұрақтар көптеген ата-аналарды ойландыратыны анық. Айтары жоқ, бұл ата-ананың отбасылық тәрбиелеу аясында үлкен біліммен бекітілген ерен еңбегі. Ата-аналар қоғамы бала тәрбиесінде жауапкершілікті арттыруға, педагогикалық мәдениетті және біліктілікті көтеруге, отбасылық тәрбиелеу мәселесінде білім алуға мұқтаж. Мектепте үнемі өткізіліп отыратын дәстүрлі ата-аналар жиналысы сынып жетекшілері көрсететіндей, әрине, бірқатар сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді, десе де, мұндай әдісте ата-аналармен қарым-қатынас жасау үшін жиналыстар өткізуге бірқатар қиындықтар бар. Ең бастысы бұл қиындықтардың бірі педагоктардың уақыттарының тығыздығы және ата-аналардың мектеппен сәтті өзара қатынасына кері әсерін тигізетін ескірген әдістемеліктер болып табылады.
Отбасылық педагогика және психология аясында функционалдық сауатылық және педагогикалық біліктілікті арттыру мәселесінде ата-аналар қоғамымен инновациялық ағартушылық жұмыс тәртібін Отбасылық Тәрбиелеу Институты ұсынады.
Білім және ғылым министрлігі және Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің тапсырысы бойынша Институт 2018 жылдың қыркүйек-қазан айларында барлық білім беру мекемелерінде «21 ғасырда Қазақстандық ата-ана: Өз балаңа үлгі бол» атты Біріңғай республикалық ата-аналар конференциясын өткізеді.
Бұл шара өсіп келе жатқан ұрпақты отбасылық тәрбиелеу бойынша жаңа әдістемелер мен жаңаша біліммен ата-аналар қауымын қоса барлық мүдделі жанды жабдықтауға бағытталған түрлі тақырыптарға толы болады.
Ата-аналар конференциясының тақырыптары:
«Бірінші сынып оқушылары ата-аналарына психологиялық көмек»;
«2-4 сынып оқушылары ата-аналарына психологиялық көмек »;
«5-6-7 сынып жасөспірімдерінің оқушылары ата-аналарына психологиялық көмек»;                         
«8-9 сынып оқушылары ата-аналарына психологиялық көмек»; 
«10-11 сынып оқушылары ата-аналарына психологиялық көмек ». 
Әр конференцияның мақсаты:
- Отбасылық құндылықтарды дамыту мен нығайтуға, дәріптеуге;
- өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесінде білім беру мекемелерінің отбасымен өзара қатынасын жандандыруға;
- бала тәрбиелеу барысында ата-аналарда туындайтын ең қиын сұрақтарды анықтауға; 
- Әр конференция ата-аналардың өз баласының ақпараттық қауіпсіздігін сақтауға;
- кәмелетке толмаған балалардың өзіне-өзі қол жұмсау әрекетін алдын алуға;
- мектепке діни атрибуттар әкелуді қолдайтын ата-аналармен деструктивті діни ағымдардан алды алуға бағытталады.