"Асық ату" ұлттық спорттық ойынынан қалалық жарыс өтті.
2018 жылдың 8 желтоқсан күні "Руxани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қ.Бекқожин атындағы 12 жалпы орта білім беру мектебінде "Асық ату" ұлттық спорттық ойынынан қалалық жарыс өтті. Мақсаты - ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Қашықтықтан көздеп ату бойынша бақ сынасты. Жарыс соңында ең мергендері анықталып, жеңімпаз командалар мадақтама және медальдармен марапатталды.
Ұлдар командалары арасынан:
І орын - 35 мектеп;
ІІ орын - КТЛ;
ІІІ орын - 33 мектеп;
Қыздар командалары арасынан:
І орын - Кенжекөл мектебі;
ІІ орын - 32 мектеп;
ІІІ орын - 35 мектеп.