Қалижан Бекқожиннің 105 жылдығына орай мектебімізде Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражай қызметкерлерімен бірлескен іс-шара өткізілді

2018 жылдың 12 желтоқсан күні Қалижан Бекқожиннің 105 жылдығына орай мектебімізде Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражай қызметкерлерімен бірлескен іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға Қалижан Бекқожиннің өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер айтылды. Мұражай қызметкерлерінің орындауында ақынның өлеңдері тыңдалды. Ең соңында мектебіміздің мұражайына ақынның кітаптары табыс етілді.