
2018 жылдың 12 желтоқсан күні қазақ әдебиетінің дамуына сүбелі еңбек сіңірген жерлес ақынымыз Қалижан Бекқожиннің шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында мектепішілік «ХІ Қалижан Бекқожин» оқулары өткізілді.
Оқудың мақсаты:
• Ақын шығармалары негізінде өскелең жас ұрпақты адамгершілік
рухында тәрбиелеу. Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
• Оқуға қатысушы оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттырып,
олардың өнерінің шыңдала түсуіне сахналық мәдениетін көтеруге арқау
болу.
Оқуға қатысушылар ақынның өлеңдерін және поэмасын толық жатқа оқуға тиісті. Мектептің 2-11 сыныптарынан 25 оқушы сынға түсті. Бас жүлдеге ие болғандар Қайыржан Сұлтан 6А, Бисембай Камила 8Б. І орын – Нажмиден Азиза 3Б, Әлхан Сәлима 6А, Арын Дамеля 7Б. ІІ орын – Кабдуллаева Инара 3А, Берденова Аяулым 3Б, Амренова Данель 4Ә, Бейбіт Аяулым 4Б, Абенова Даяна4А. ІІІ орын – Нағмет Аяулым 2 Б, Ахметова Елдана 3А, Абдрахманов Тамерлан 3Б, Асқарбекова Гүлім 3В, Каниева Даяна 5Б, Жасқайрат Айзада 8Б, Атамбаева Анель 10А, Жұмабаева Камила 10А.Жеңістеріңіз құтты болсын , Алар шыңдарыңыз биік болсын!