Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қаңтар айының 14-і мен 24-і аралығында биология,география,химия пәндер бірлестігінің әдістемелік онкүндігі өткізілді
15-01-2019 12:23
Қаңтар айының 14-і мен 24-і аралығында биология,география,химия  пәндер бірлестігінің әдістемелік онкүндігі өткізілді

Қаңтар айының 14-і мен 24-і аралығында биология,география,химия пәндер бірлестігінің әдістемелік онкүндігі өткізілді. Биология,география,химия пәндер бірлестігі әдістемелік онкүндікте пән мұғалімдері оқу мен тәрбиені ұштастыра отырып, бірнеше ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар жүргізді.
«Табиғат кереметі» атты қызықты мәліметтер берілумен қатар, «табиғатты қорғау» тақырыбына суреттер сайысы өткізілді.
Биология пәнінің мұғалімі Р.Н. Ахметова 6А-сыныбында жаратылыстану пәнінен «Жасушаның негізгі құрам бөліктері» тақырыбы бойынша, химия пәнінің мұғалімі Н.Шыных 11А сыныбында «Көпатомды спирттер» тақырыбына, Ж.З.Геложутдинова 9А сыныбында «Кальций , оның қосылыстары» тақырыбына тәжірибе алмасу сабақтарын өткізді Ашық сабақтарға қатысқан мұғалімдер оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын байқатқаны, мұғалімдердің кәсіби шеберлігі мен педагогикалық біліктілігін, сабақты жүргізудегі қолданылған әдістердің нәтижелілігі жайлы пікір алмасып, оң бағаларын берді.
 Осы күндері химия пәнінің мұғалімі Ж.З.Геложутдинова 5-6-сыныптарға арналған «Химия әлеміне саяхат» атты сабақтан тыс іс-шара, биология пәнінің мұғалімі Р.Н Ахметова 9-шы сыныптармен «Қызық екен» ойынын, химия пәнінің мұғалімі Н.Шыных 8-ші сыныптармен «Білгір химик» танымдық ойынын өткізді.
Оқушылардың байқағыштығын, ой ұшқырлығын шыңдайтын тапсырмаларды орындау — табиғатты танып-білуге ынта-жігерін арттырғаны сөзсіз. Мұғалімдер оқушылардың білімге, жаңалықтарға деген қызығушылықтарын дамытуға, топ мүшелерінің достық және бірлікпен ғана жеңіске жететіндігіне бағыт берді.