Aғылшын тілі пәні апталығы аясында
11.02-21.02 күндері арасындағы ағылшын тілі пәні апталығы аясында 18.02 күні 3 «Б» сыныбында ағылшын тілі пәнінен ашық сабақ өтті. Сабақтың тақырыбы «Exploring space», яғни ғарышты зерттеу. Сабақ барысында оқушылар ғарыш әлеміне саяхатқа шықты. «Aliens» және «Astronauts» деген 2 топқа бөлініп, әр түрлі тапсырмалар орындады. Ғарышқа байланысты жаңа сөздер жаттап, Байқоңыр мен НАСА туралы жаңа ақпарат алды. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, аса зор қызығушылық танытты.