Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
БАЛАНЫҢ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУЫ ТУРАЛЫ АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС
30-01-2020 10:12
БАЛАНЫҢ ДҰРЫС ТАМАҚТАНУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУЫ ТУРАЛЫ АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС

 Дұрыс тамақтану баланың өсіп келе жатқан организмінің қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Ата-аналардың өздері үлгі көрсетіп, ертеңгілік астан бастап тамақтану режимін сақтауға, тамақты отбасымен бірге ішуді, зиян келтіретін тағамнан, суды жеткілікті мөлшерде ішуге, көкөніс пен жеміс жеуге үйреткендері жөн.

  • Газдалған сусын бермеңіз. Сондай-ақ энергетикалық және тәтті сусындарды тоңазытқышта сақтамағаныңыз жөн. Оның орнына балаңызбен бірге аздаған шырын қосылған минералды су ішуді әдетке айналдырыңыз.
  • Теледидар мен компьютер алдында тамақтануға болмайтынын үйретіңіз. Өйткені кішкентайлар ғана емес, ересектердің өзі теледидарға телміріп отырып, шамадан тыс ішіп-жеп қойғандарын байқамай қалады.
  • Тіскебасарын дайындап қойыңыз. Тамақ ішер алдында баланың тәбетін қайтаратын тәтті жегізбей, «асқазанын алдай» тұруға алдын ала дайындалған сіңімі жеңіл, мысалы, жеміс-жидек беріңіз.
  • Сатып алатын тағамдарыңыздың құрамын міндетті түрде тексеріңіз. Әсіресе, балаларға алатын болсаңыз, екі есе мұқият болыңыз.
  • Ас тұзын аз қолданыңыз. Балалар тұзды тағамдарды көп жесе, суды да көп ішеді. Ал олардың қарапайым су емес, көп жағдайда тәтті, газдалған сусындарды ішетінін ескерсек, балалар тағамына тұзды аздап қосқаныңыз жөн.
  • Үйдің тағамын беріңіз. Уақыт жоқта дүкендерде сатылатын дайын тағамдардың «құтқарушыдай» көрінері түсінікті. Десе де, нағыз құтқарушы — үйде өз қолыңмен әзірленген ас: денсаулыққа пайдалы, қалтаңызға да аса ауыр салмақ түсірмейді.
  • Тамақты үйде дайындап, дастарқанды бірге жаю отбасы мүшелерін бір-біріне жақындата түсері хақ. Соңғы жаңалықтарды тамаққа отырмастан бұрын бір-бірлеріңізден біліп аласыздар.