Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Адрес: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ұлттық Бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстары
23-02-2011 10:19

2010-2011 оқу жылына ҰБТ-ге дайындық өткізудің іс-шара жоспары жасалып, сол жоспар негізінде жұмыстар ұйымдастырылып, өткізілуде. Оқушылардың таңдау пәндерін таңдап алуына бағыт беріліп көмек көрсетілді. Әр пән бойынша қосымша сабақтардың кестесі, жекелей жұмыс жоспары құрастырылып, сол негізде қосымша сабақтар өткізіледі. Оқушылар осы қосымша сабақтармен ғана шектеліп қалмай жекелей дайындықтарға, курстарға, репетиторларға да барады. Жоғары оқу орындарымен үнемі тығыз байланыс жасап отырамыз. Мектеп әкішлігі ата-аналар жиналыстарына оқушыларды пән мұғалімдерін қатыстырып өткізуде. Онла байқау тестілерінің нәтижесімен таныстырып, кемшіліктерді жоюдың әдіс-тәсілдері неізінде ой бөлісіп ақыл-кеңес беріледі. Мұғалімдердің дайындық жұмыстары бойынша есебі тыңдалып, пікір алмасады. Төмен нәтиже көрсеткен оқушылармен және олардың ата-аналарымен жекелей әңгіме өткізіп себептерін анықтап көмек көрсетіледі.

Ай сайын пән мұғалімдері байқау тестілерінің нәтижесі бойынша төмендегі үлгідей талдама жасап отырады.

Қазақ әдебиеті пәні бойынша тест нәтижелерінің талдамасы.

-Тұрақты жақсы көрсеткіш көрсетушілер тобы, 19-25 бал (0)

-Орташа топ, 12-18 бал (Оспанова Асем, Рахметулова Гульзат)

-Орташа топ 6-11 бал (Махметов Арман)

-Үлгермеушілер тобы 1-5 бал (0)

Аз көрсеткіш себептері:

-Жоспарланған тақырыптарды толығымен өтілмегендіктен

-Тестке жауап бергенде, сұрағын соңына дейін мұқият оқымайды

-Шығармалардағы кейіпкерлердің есімдерін, жылдарды шатастырады.

Оқушыларға қиындық тудыратын тақырыптар:

-Ежелгі дәуір әдебиетіндегі шығармалардың тақырыптарын шатастырады

-Зар-заман әдебиетінен берілетін өлең шумақтарының авторларын табуда қиындықтар туады

-ХХ ғасыр әдебиеті өкілдері шығармаларыың атын және сол шығармалардағы кейіпкерлердің есімін табуда қиындықтар туындайды.