«Мектепке жол»акциясы
2022 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстанда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталады. Биылғы жылы ол Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен жарияланған Балалар жылын жүзеге асыру аясында өткізілуде. Жалпыұлттық акция 2022 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол – шекарасыз жақсы!» ұранымен өтеді.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басталуына дайындық кезінде қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға материалдық қолдау көрсету және балалардың әлеуметтік себептерге байланысты мектепке баруына жол бермеудің алдын алу. Барлық мүдделі азаматтарды «Мектепке жол» акциясына қатысуға шақырамыз.