Сенім телефоны
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Мекенжайы: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем менің қолымда» қалалық байқауы
03-03-2023 22:54
 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем менің қолымда» қалалық байқауы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» жұмыспен қамту және дарынды балаларды дамыту орталығы 2023 жылдың 3 наурызында No7 орта мектебінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Көктем менің қолымда» қалалық байқауын өткізді.Жобаның мақсаты – дарынды және талантты мектеп оқушыларын анықтау және қолдау, қатысушыларға шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру. 4-сынып оқушылары арасында өткен жарысқа қаланың 19 орта мектебінен 23 оқушы қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрды: «Визиттік карточка», әр сайыскер өзін таныстырды, «Дарындар сайысында» сайыскерлер би билеу, ән айту, қолөнер, шешендік өнерлерін көрсетті. Байқаудың 3-кезеңі – блиц-турнир, қатысушылар сұрақтарға жауап берді. Оқушымыз Мелисса Хаметова 1-дәрежелі дипломмен марапатталды! Мелиссаны лайықты марапатымен құттықтаймыз