Сенім телефоны
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Мекенжайы: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Денсаулық күніне- Біздің белсенділігіміз!
11-09-2011 15:14

«2011-денсаулық фестивалі»-арнасында №14 орта мектебінде Денсаулық күні өтті. Бұл шараға бүкіл сынып оқушылары белсенділік танытты. «Ұлт- денсаулық кепілі-белсенділікпен спорт» - атты ұран аясында денсаулық күні өткізілді. Таңертеңнен мектеп ауласында спорт киімдерін киген оқушылар мен мұғалімдер жинала бастады. 9 - сынып оқушылары қалалық жағажайға барса, бастауыш сынып оқушылары – Гагарин атындағы саябаққа аттанды. Қалған сынып оқушыларын мектеп спорт алаңы мен екі спорт залдары өзінің ауқымды спорттық бағдарламаларымен күтіп тұрды.       Денсаулық спортакиядасы бағдарламасында жеңіл атлетика, көңілді жарыс, баскетбол, шағын футбол, пионербол, волейболдан жарыстар өткізілді.                                                                                           

Жарыстың құрамына оқушыларғана емес, сонымен қатар 10-11 сынып жетекшілері Адамова Г.Қ., Дементьева Л.Ю. қолдарына доп алып намысы үшін оқушылармен бірге жарысқа түсті.

Денетәрбиесі мұғалімдері барлық жарыстардың қорытындысын жедел шығарып, жеңіске жеткендерді құттықтап, жеңілгендерді жұбатты.

№14 орта мектебінде денсаулық күні сәтті өтті!