Сенім телефоны
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Мекенжайы: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Құрметті әріптестер!
25-11-2014 06:52
Құрметті әріптестер!

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді мемлекеттік мерекеміз - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл барша көпұлтты Қазақстанның ұлы мерекесі.

Тұңғыш Президент күні – жас, мықты, қуатты, әрі келешегі зор мемлекет - Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің дамуы мен құрылуына жаңа леп беретін мереке.

 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы атаулы күн, нағыз жалпыұлттық бірлік күні. Себебі еліміздің қуаты – халқымыздың бірлігінде.

Күнтізбеде бұл күннің пайда болуы - халық пен мемлекет тарихындағы ауқымды табыстар мен заманалық алға басулардың дәлелі. Осы жетістіктеріміз барлық қазақстандықтар және халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы - тәуелсіз мемлекеттің іргетасын қалаушы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен тығыз байланысты. Осы жетістіктердің арқасында ол халық тарапынан зор құрмет пен сенімге ие.

Осы мерекелі күн Сіздердің жүректеріңізге мемлекетіміз үшін мақтаныш сезімі мен бірлікке және өзара түсіністікке ұмтылу сезімдерін ұялатсын. Сіздерге және Сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт, сондай-ақ Отанымыздың игілігіне жарайтын шығармашылық табыс пен еңбектеріңіздің жемісті болуын тілеймін!

    Отанымыз – Қазақстан Республикасы – бұдан әрі де дамып, қуаты күшейіп, гүлдене түссін! Бастамаларымыз – нәтижелі, болашағымыз – жарқын болсын құрметті әріптестер!

 

                             Мектеп директоры Ә.Ә. Әжебаева