5 мамыр 2016жылы 5 «б» сынып оқушыларына арналған
«Павлодарлықтар Ерлігі» әңгіме-көрініс ұйымдастырылды. Кітапханашы Мосягина Н.Ф. Ұлы Отан Соғысында ерлікпен қаза тапқан жерлестеріміз жайында әңгіме көрме өткізді. Шара барысында слайд-презентация көрсетілді. Әңгімеге қатысушылар жерлестеріміздің қаншасы Ұлы Отан Соғысының Батыры атағын алғанын білді. Сонымен қатар шараға жиналған оқушылар жерлестеріміздің қандай ерлік жасағанын, сол ерлік кім үшін жасалғанын білді.