25 наурыз 2016 ж № 14 мектеп кітапханасында «Менің сүйікті кітабым» презентациясы өтті. Қатысушылар 5-6 сынып оқушылары. Презентация барысында оқушылар өздері оқыған кітаптармен бөлісті.Әр оқушы оқыған кітабының кейіпкерімен таныстырып,қызықты оқиғаларды естеріне алып ,өздерінің сыныптастарымен ой бөлісіп, қызықты да әсерлі мағлұматтар жинады. Оқылған кітаптардың ішінде танымдық энциклопедиялар, ертегілер, қиял-ғажайып шығармалар болды. Бұл оқушылардың әртүрлі жанрларды жақсы көретінінің дәлелі. Осындай шарадан кейін кітап оқушылардың саны артпаса кемімейді.