№14 орта мектебінің 4 «а» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Деревнина.О.И. ,бейнелеу пәнінің мұғалімі Иваненко.Л.В «Самал» орталығында «Жүрегімнің бір бөлігін сыйлаймын» атты шығармашылық апталық ұйымдастырды. Апталықтың әркүнінің өз атауы болды. Бірінші күн- «Достық букеті» деп аталды,бұл күні оқушылар бір-бірімен танысты. Орталықтың әдіскері Нина Петровна Москаленко балаларды орталықтың шығу тарихымен таныстырды. Акцияның екінші күні-«Менің Қазақстаным».Балалар тұзды қамырдан жұппен жұмыс барысында әртүрлі бейнелер жасады. Үшінші күн- сайысқа қатысу болды.Мектеп оқушылары өздері жасап әкелген сыйлықтарын орталықтың балаларына тарту етті. Төртінші күні- «Әр суретте күннің көзі». Бесінші күні-« Мен+ Сен = Біз» балалар қағаздан портрет жасаумен айналысты. Сабақтан тыс ұйымдастырылған жоба балаларға ұмытылмас естелік пен қуаныш сыйлады. «Самал» орталығының ұжымына шексіз алғысымызды білдіреміз.