17 қазан күні «Павлодар балаларға оқиды» акциясы барысында № 8 қалалық кітапханада № 14 мекткептің 4 «а» сынып оқушылары Павлодар қаласының балалар ақыны Елена Игнатовскаямен кездесті. Балалар ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысып қана қоймай өз өнерлерін де көрсетті. Лунёв Никита мен Сотникова Валерия өздері құрастырған өлеңдерін оқыды. Мұндай қызықты кездесу балаларды бей-жай қалдырмады.