1 маусым күні «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» атты Ұлттық ақпараттық компаниясын өз жұмысын бастады.Шараның мақсаты: бала еңбегінің мәселелері,олардың мінездемелері,ауқымы және оның қоғамға әсері.
Шараның орындалу жоспарына орай №14 ЖОББМ берілген тақырыпқа байланысты бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. 1 маусым күні мектеп фойесінде оқушыларға арналған сенім телефондарының нөмірлері берілген ақпаратты стендтер құрылды.
4 маусым күні ювеналды полиция қызметкері Сүндетова Ю.Е «Өз құқыңды білесің бе?» тақырыбына әңгіме өткізді.
8 маусым күні « 12 маусым бүкіләлемдік бала еңбегін қанауға қарсы күрес күні» дөңгелек үстелін жастар орталығынан келген маман А.Е. Ауешов ұйымдастырды.
Мектеп психологі С.В.Гессе бала құқығы конвенциясы сұрақтарынан «Миға шабуыл» ойынын ұйымдастырды.
9 маусым күні мектеп лагерінің балаларына «бала еңбегі» атты тұсаукесер көрсетіліп, бала еңбегінің себептері туралы әңгіме өткізілді.
Барлық өткізілген іс-шаралар қоғамның назарын бала еңбегіне аудару,оны шешуге бағытталды.