Сенім телефоны
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Мекенжайы: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Денсаулық және сұлулық» көркем-эстетикалық ағым әдістемелік бірлестігінің онкүндігі
24-10-2017 14:17
«Денсаулық және сұлулық» көркем-эстетикалық ағым әдістемелік бірлестігінің онкүндігі

№14 орта мектебінде «Денсаулық және сұлулық» атты көркем-эстетикалық ағым әдістемелік бірлестігінің онкүндігі болып өтті.
 Онкүндік аясында: «Күніміз күлкіден басталады», «Ұлттық ойындар» спорттық жарыстар, «Көңілді сөрелер», үстел теннисі, шахмат, «Аспаздық шеберлік» атты қызықты да танымдық іс –шаралар өткізілді.
 Онкүндік аясында оқушылар Қазақстан халқының мәдениеті мен өнеріне арналған күнінде киіз үй туралы қосымша мәліметтер біліп, өз қолдарымен киіз үй жасап безендірді. Тағы бір сабақта ұлттық бас киімдермен танысып,олардың макеттерін жасады.
«Ал, сен білесің бе?» атты викториналық сайыста оқушылар өздерінің білімдерін әр түрлі ғылым салаларында сынап көрді.
«Денсаулық және сұлулық» көркем-эстетикалық ағым әдістемелік бірлестігінің онкүндігі келесі мұғалімдердің арқасында қызықты өтті: Иваненко Л.В., Байцым Е. А., Хасанова Т. М., Александрова Д. А., Кукешова А. А., Ахметова Б. Ж.