Сенім телефоны
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Мекенжайы: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Алтын күз» мерекесі
02-11-2017 17:00
«Алтын күз» мерекесі

№14 орта мектебінде бастауыш сыныптарға арналған « Алтын күз» атты мерекелік іс –шара өткізілді .
Іс –шараның мақсаты: мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
 Мерекеге бастауыш сынып пен 5 «Ә» сыныбы оқушылары мен ата-аналары қатысты. Мерекелік зал әдемі безендіріліп, оқушылар мерекеге орай әдемі койлектерін киіп ,көңілге қуаныш сезімін ұялатты.
 Барша сынып оқушылары өздерінің өнерлерін ортаға салды. 1 сынып бүлдіршіндері күзге арналған өлеңдерін оқып берді. 2 ,4 сыныптар көңілді әндерін айтса, 3 сынып «Қарлығаштар» биін орындады. 5 сыныптар болса ырғақты бимен мерекенің сәнін кіргізді. Мереке өте көңілді өтіп, түрлі сайыс пен ойындар өткізілді. Барлық оқушылар көңілді болып , үйлеріне тарасты.
 Мерекеге ат салысқан мұғалімдер: А.Т.Калыкова, А.А.Өскенбай, А.Б.Шанашова, Н.К.Мунсызова, Р.Ж.Нургожина, А.А.Сембаева.