Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Адрес: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Қарасуық қаласының ардагерлер кеңесінің төрайымымен кездесу
19-11-2017 11:18
Қарасуық қаласының ардагерлер кеңесінің төрайымымен кездесу

№14 орта мектептің Әсери Даңқ мұражайында Ресей Федерациясы Новосібір облысы Қарасуық қаласының Ардагерлер кеңесінің төрайымы, іздеуші Брежнева Надежда Емельяновнамен кездесу өтті. Ол мұражай қорына Ұлы Отан соғысы жылдарында қақтығыстар болған жерлерден, Брест, Станлинград, Тверь облысындағы «өлім даласынан» жердің капсула түріндегі эскпонаттарын әкелді. Сондай- ақ біздің мұражайға Ұлы Отан соғысы кезіндегі естелік кітаптар тапсырылды.


Надежда Емельяновна Брежневаның өз қаласында жүргізетін іздеу жұмыстары туралы әңгімелері біздің жоғары сынып оқушылары тыңдады. Әсіресе оларға Белоруссиядағы қазба жұмыстары туралы әңгімелері қызықтырды.
Кездесуге сондай-ақ интернационал- жауынгерлер, Павлодар облысының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Майкотов Б.Н., Павлодар облысы іздеу жұмыстарының негізін салушы Ж.Ж.Камзин және Псков қаласының бірінші патриоттық іздеу экспедициясының қатысушысы, ақын – әнші Михайл Серби қатысты.
Мұражайдың экскурсия жүргізушілері Руфина Жданова және Арина Жданова қонақтарды мұражай жұмысымен және болашаққа жоспарлары туралы айтты.
Біздің мұражайдың басшысы, АӘД мұғалімі Б.К.Утепов болашақ ұрпақ алдында патриоттық тәрбие ісінде қосып жүрген үлесі үшін үлкен алғыс айтып, Н.Е.Брежневаға естелікке Павлодар облысының энциклопедиясын берді.