Сенім телефоны
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Мекенжайы: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Таныстыру экскурсиясы
12-02-2019 09:32
Таныстыру  экскурсиясы

12 ақпан күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Г. К. Киргеева құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында  кәмелетке толмағандардың құқық тәрбиесі бойынша жұмыс жоспарын жүзеге асыру аясында  мамандандырылған ауданаралық сотқа экскурсия ұйымдастырды.

Кеңсе меңгерушісі Г. Ж. Жанабекова мектеп оқушыларын соттың әкімшілік ғимаратының мәжіліс залымен , сот тыңдалымын өткізу хаттамасымен  таныстырды.  Сот инспекторы-психолог С. Г. Шиман оқушылармен ашық әңгіме өткізіп, әңгіме барысында тәжірибесінде кездескен мысалдары келтірді:балалардың  жауапсыз тәртібі, ПБЗ қолданылу кезінде кездесетін салдары туралы айтып өтті.

Судья Г. Б. Рахматулина оқушылармен құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде әңгіме жүргізіп, құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеуге ерекше назар аударып, қай жастан бастап қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктің  қандай жаста басталатынын  атап өтті. Рахматулина Ғалия Балтабайқызы ұлдар мен қыздарды спортпен және шығармашылықпен айналысуға шақырды.