2019-2020 оқу жылының бірінші тоқсан қорытындысы бойынша ата-аналар үшін қоғамдық тыңдаулар өтті. Ата – аналар мектеп асханасының жалгері Жумабекова А.Т мектептегі тамақтандару ақпараттарымен танысты. Медицина қызметкері Бастемиева А.К. медицина кабинетінің жұмысы жайлы айтты және ата-аналарды мерзімді екпе алып тұруларын ескертті.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтхалина Жанна Кабиденовна мектептегі үйірме және спорт секцияларын ұйымдастырылуы жайлы толық айтып өтті және ата-аналарды сабақтан тыс уақытта немен айналысатындары жайлы толық қадағалап отыруды тапсырды.
Мектеп директорының м.а. Масакбаева Гулнара Максатовна бірінші тоқсан қорытындысы бойынша үлгерім нәтижесінінен ақпараттар айтты.
Ата – аналар осы күнге арнайы дайыындалған мектеп оқушыларының шығармашылық өнерлерімен танысты.