Сенім телефоны
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Мекенжайы: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Кітаптар тұсаукесері «Назарбаев сияқты болу керек!»
03-12-2019 16:55
Кітаптар тұсаукесері «Назарбаев сияқты болу керек!»

Кітаптар тұсаукесері

«Назарбаев сияқты болу керек!»

            2019 жылдың 29 қарашасында №14 ЖББОМ-і кітапханасында Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күні мерекесі қарсаңында 5 «Б» сынып оқушылары үшін Н. Зеньковичтің «Назарбаев сияқты болу керек!» кітабының тұсаукесері өтті. Кітап қазақ және орыс тілінде «Алматы кітап» баспасынан жарық көрді.

            Тұсаукесерде балалар тамаша кітап жайлы мағлұматтармен, жас өсекелең ұрпақ үшін айшықты үлгі болған Бірінші Елбасының балалық шағы жайлы қызықты мәліметтер берілгені жайлы танысты. «Назарбаев сияқты болу керек!» кітабы мектеп оқушыларына Н.Ә. Назарбаевтың балалық шағының кейбір кезеңдерін жеке эпизодтары арқылы сипаттап жаза отырып, кейбір өмір өткелдеріндегі заманындағы тарихи кезеңдердің Н.Ә.Назарбаевтың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына әсері жайлы, оның бойында ержігітке тән азаматтық қасиеттердің қалыптастырғаны туралы жазылады.

            Балалар Нұрсұлтан Әбішұлының балалық шағы мен студенттік өмірінен Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті қызметіне көтерілген жылдары жайлы қысқа жолды көрініс фильмдерін тамашалады. Оқушыларға арнап Н.Назарбаевтың жазған еңбектерінен кітап көрмесі ұйымдастырылды, көрмеде елбасының халыққа жолдауы мен өмірі жайлы жазылған кітаптар қойылды. Тұсаукесерден соң көптеген балалар тамаша кітапты оқуға қызығушылық танытты. Осы тұсаукесерден соң балалардың Назарбаев сияқты ел тұлғаларынан үлгі алады деп сенім білдіреміз.

Падалко Марина Васильевна,

кітапханашы,

№14 ЖББОМ пресс-орталығы

Павлодара қ.