8-9 сыныптар арасында «Құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары»
бойынша жалпы мектептік сынып сағаты жайлы ақпарат.
Павлодар облысы «Шанс» жасөспірімдерді әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығымен бірлестік аясында кәмелетке толмаған балалар арасында құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу мен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 2019 ж. 19 желтоқсанында мектептің акт залында 8-9 сынып оқушылары арасында «Құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбына жалпы сынып сағаты өтті. Оқушылар алдында «Шанс» орталығының заңгері Какорина И.Д. сөз сөйлеп жасөсіпірімдер арасындағы құқықбұзушылық жайлы және әрнәрсеге болсын жауапкершілікпен қарауға, әлде қандай құқықбұзушылық болса полиция қызметкерлерінің бақылауына түсетіні және осының алдын алу жайлы ақыл-кеңестер берді. Ирина Дьердьевна оқушыларға бұзықтық, еркелік, қылмыстық әрекеттер деген ұғымға баса назар аударып түсіндіріп өтті. Соңында «Сынған шыны» атты көркем ролик көрсетілді.