Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)683500
email: sosh14@goo.edu.kz
Адрес: к.Павлодар, Катаева, 36
8 (7182) 683500, 8 (7182) 683494, 8 (7182) 683495
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Қабылдау кестесі: сейсенбі, бейсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Туған өлке жас білгірлері
12-02-2020 11:27
Туған өлке жас білгірлері

          2020 жылғы ақпанның 11-і  күні Павлодар қаласының балалар –жасөспірімдер экология және туризм орталығының ұйымдастыруымен Павлодар қаласының жалпы орта білім беру мектептерінің 3-4 сынып оқушылары арасында туған өлке жас білгірлерінің «Өз жеріңді танып-біл» қалалық турнирі өткізілді. Турнирді өткізу мақсаты: Шағын Отанының өткені, осы шағы мен болашағы, ата-бабаларының рөлі мен ұрпақтар тізбегіндегі өз орнын сезінетін және туған жер тағдырын өз тағдыры ретінде қабылдайтын отансүйгіш азаматты тәрбиелеуге бағытталған құндылықтарды қалыптастыру.

        Осы турнирге Павлодар қаласының №14 жалпы орта білім беру  мектебінен 3 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Турнир барысында оқушылар Павлодар облысының тарихы, қазба байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы өз білімдерін жан-жақты көрсете білді және жүлделі ІІІ орынға ие болды. «Өз жеріңді танып-біл» турниріне жүлдегерлерді дайындағаны үшін сынып жетекшісі Нурсулу Кайруллиновна Мунсызова Павлодар қаласының балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының алғыс хатымен марапатталды.