2020 жылғы қаңтардың 13-нен бастап 17-сі аралығында мектебімізде жаратылыстану ғылымдары апталығы өтті. Апталық жоспарын ӘБ жетекшісі А.ААюпова құрастырды.
Апталық шеңберінде ашық сабақтар, "Баянауыл қорығы" атты лекция-презентация, "Павлодар облысының флорасы мен фаунасы", "Экология: бүгін және ертең", "Павлодар облысының экологиясы" атты сыныптан тыс шаралар өткізіліп, бейнефильмер көрсетіліп, "Су асты әлемі" биологиялық лото, пәндер бойынша хабараламалар және т.б. өткізілді.
Апалық барысында география, химия, биология мұғалімдері бекітілген жоспарға сәйкес қызықты және танымды шаралар өткізді. Дәстүрлі апталық ашылудан басталды, одан әрі мұғалімдер сабақтар мен сабақтан тыс шаралар өткізді. Балалар жаңадан ашылған "Ертіс" мультимедиялық музейіне барды. 8-сыныптар оқушылары үшін "Сүйемін сені, туған өлкем" тақырыбында туған өлке бойынша саяхат ұйымдастырылды. 5-сыныптар оқушылары кітапханалық "Бәрін білгім келеді" атты сағатқа қатысты.
Өткізілген шараларға оқушылар мен мектептің педагогикалық ұжымы қызығушылық танытты. Жақсы ұйымдастырылған және қызықты өткізілген апталық балалар білімін байыта түсіп, олардың жеке қасиеттерді дамытуға көмектесуге деген ынталарын аша түсті. Жаратылыстану апталығында шығармашылыққа, айналасындағылармен жеке ашуларымен бөлсуге деген жылы жағдай жасалды. Мұның барлығы жаратылыстану ғылымдары мұғалімдерінің біріккен жұмыстары мен жоғары педагогикалық шеберліктері арқасында жүзеге асырылды.
Апталық соңында барлық белсенді қатысушылар грамоталармен марапатталып, сыйлықтарға ие болды.
Жаратылыстану ғылымы ӘБ
Павлодар қ. №15 ЖОБМ