Сенім телефоны
53-57-39
email: sosh16@goo.edu.kz
Мекенжайы: Айманов к., 51
53-23-04 53-75-41
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі с 16:00 до 18:00 Жұма с 16:00 до 18:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы
28-03-2011 09:20

 «Әз Наурыз. Ұлыс Наурыз,ұлыстың ұлы күні атанған ұлық Наурыз. Аүзымызды аққа толтырған,бір төлімізді екеу,екеуін бесеу қылып,қорамызды малға,төрімізді жанға толтырған құт Наурыз,береке Наурыз!

   №16 лицей-мектебінде 22-наурыз күні өткізілді. «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы» атты тақырып бойынша,мектеп оқушылары,ұстаздар қауымы,ардагер ұстаздар,ата-аналар, химия қалашығы тұрғындары белсенді түрде думандатып  ән  мен биден шашу шашып өткізді.

 Тойға келгендер көтеріңкі көңілмен, әртүрлі сайыстарға қатысып өз өнерлерін көрсете білді.

 Мектепоқушылардың алғашқы  «Өнерлі азамат» сайысында Ханшатырының іші-сыртын

әсемдеуде мектеп оқушылары мен сынып жетекшілері оюдың бірнеше түрін сондай бір шын жүректен шыққан өнер екендігін көрсете білді.

Екінші «Ұлттық ойындар»сайысында бастауыш сынып, 7-сынып,10-11сынып оқушылары,

    қазақ халқының ойындарын белсенділікпен сауатты ойнай білгендері үшін,.

 тәтті силықтармен,алғыс хаттармен марапатталды.

 

«Құт дастарқан» сайысын ерекше атап өтуге болады,үстелдің мәдениетті түрде жасалуы,

бауырсақтардың бірнеше түрі,ірімшік,құрт, наурыз көжеден әрбір сынып оқушылары ардагер ұстаздар мен мөлтек аудан тұрғындарына дәм таттырып, үлкендердің батасын алды.

Ардагер ұстаз Иванова Н.А. «Бірлік, қонақжайлылық, туыстық сезім,достық, көтеріңкі көңіл жайлылық  үйлесе отырып, мектептің « Наурыз мерекесін» жоғары деңгейде

өткізілуі, ұстаздар мен оқушылардың  мемлекеттік тілде сауатты сөйлеуі-елге құрмет ,-деп ойлаймын.

Сахнада көрсетілген салт-дәстүрлер, «Қара жорға» биі, «Қыз ұзату», Сыңсуда анасымен ,туған-туысқандарымен,елімен қоштасу өте келісті өтті.

Оқушылардың әдепті өсуіне,үлкенді силауға тәрбиелейді.мереке көңілден шықты,біз осы мектепте жұмыс істегеніміз,біздің мәртебемізді жоғарлатады.-деді  

 ардагер ұстаз Целых Л.Я.

 .Қазақтың ұлттық киімдерін киген оқушылар мен ұстаздар қауымы №16 лицей-мектебінің шаңырағының астында әр түрлі ұлт өкілдерінің балалары бір жанұяның адамдарындай келген қонақтарын бір кісідей қарсы алды. Адамның,қоғамның,мемлекеттің көздегені-татулық,ізгілік,бейбіт тұрмыс,еркіндік азаттық-бір арнаға тоғысты»-деп өз ойын білдірген ардагер ұстаз Дюсембенова Бақыт Таштаевна

«Ұлысымыз ырысты,ырысы көпке жығысты болсын!

Наурыз мейрамында» ерекше белсенділік көрсеткендері үшін әскери бөлім №6679;№5512

 №79:№35 бала-бақша ұжымына алғыс сезімімізді білдіріп,амандық,бақыт,еңбекте шығармашылық асулар тілейміз.