Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
53-57-39
email: sosh16@goo.edu.kz
Адрес: Айманов к., 51
53-23-04 53-75-41
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі с 16:00 до 18:00 Жұма с 16:00 до 18:00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
№ 16 лицей-мектебінде 2012 жылдың 28 тамыз бен 28 қыркүйек аралығында «Тілдер айлығы» өткізілді.
22-10-2012 06:38

 

№ 16 лицей-мектебінде 2012 жылдың 28 тамыз бен 28 қыркүйек аралығында «Тілдер айлығы» өткізілді.

Мақсаты: «Тілдер айлығы» шеңберінде өткізілген шаралар мемлекеттік аясын дамыту, оның қолдану аясын кеңейту, тілді құрметтеу.

2. Өзге ұлт балаларына қазақ халқының тарихын, тілін, әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғұрпын, салт санасын насихаттау.

3. Қазақстан Республикасында өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдерінің тілдері, мәдениеті, салт-дәстүрі жайлы мағлұмат беріп отырып, жас ұрпақты қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жоғары деңгейде меңгертуге баулу.

 № 16 лицей-мектебінде  айлық барысында : 26 іс-шаралар өткізілді. Осы шаралардың өтуіне оқу ісінің меңгерушісі Н.Ш.Азанбаеваның басшылығымен  қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері және мектеп кітапханашысы В.Н.Шапошникова ат салысты.

Айлықтың ашылу салтанатын  Шоманова М.С. жариялады және 1 ай көлемінде өтететін іс- шаралардың жоспарымен таныстырды.

         Қазақ тіліндегі шараларға 1-11 сынып оқушылары, орыс және ағылшын тілінде өткізілген шараларға 5-11 сынып оқушылары қатысты.

         Өткізілген іс-шараларға қысқаша шолу:

  1. «Мемлекеттік тілде сөйлеу –біздің парызымыз». Шара екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде  Тілдердің маңызы туралы айтылды, екінші бөлімде үш тілде өлеңдер, мақал – мәтелдер оқылды, жұмбақтар шешілді. Жауапты ұстаздар: Әбдірова К.Қ., Қабдырақышева А.С.,Әтімова С.Д.
  2. «Өнер алды – қызыл тіл», мақал – мәтелдер сайысы. Балалардың сайысқа деген ынтасы жоғары дәрежеде болды. әр халықтың мақал-мәтелдері айтылды. Сайыс өте қызықты өтті.  Жауапты ұстаз: Құрмашева Ш.Қ.
  3. «Тіл-достықтың құралы», сайысы. Ұлттар арасындағы достық, әр ұлттың тіліне, мәдениетіне деген құрмет, салтын сыйлау, қадірлеу, өз тілімізде еркін сөйлеу туралы тақараптар қозғалды. Жауапты ұстаз: Сыздықова А.М.
  4. «Тіл – халық тағдыры», басқа елге саяхат. Тіліміздің қолданылу аясын кеңіту, жоғары деңгейге көтеру, еркін сөйлеу тақырыптары қозғалды. Жауапты ұстаз: Сабитова Ж.Е.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері қазақ тілін нығайту бағдарламалары іске асырылып келеді. Тілдер айлығында өткізілген сайыстар өте көп болды. Біз ең негізгілеріне шолу жасадық. Сонымен қатар орыс және ағылшын тілдерінде сайыстар өткізілді. Сайыстар өте жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығы артты.  Біз қазақ тілін үйрену арқылы қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, әдебиетімен, салт-санасымен танысамыз. Тілімізді қадірлеу – туған елімізді, мемлекетімізді қадірлеу. Сондықтан тілімізді, дінімізді, ділімізді сақтап, тұғырлы тәуелсіздігімізге қол жеткізу үшін ата-бабаларымыз талай қиындықтарды бастан кешірді, қасық қаны қалғанша ұлтарақтай жер үшін намысты қолдан бермей елін, жерін қорғады. Ендігі кезекте ел болып, етек жидық. Көк туымыз көкте желбіреп, мемлекеттігімізді, қазақтығымызды сақтап қалайық десек, қазақ тілін меңгерейік!