Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
53-57-39
email: sosh16@goo.edu.kz
Мекенжайы: Айманов к., 51
53-23-04 53-75-41
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі с 16:00 до 18:00 Жұма с 16:00 до 18:00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Құрметті Қорлан Маратқызы!
28-12-2012 08:00
Құрметті Қорлан Маратқызы!

 Құрметті Қорлан Маратқызы!

 

Ұжым болып құттықтаймыз бүгін біз,

Құтты болсын Жаңа жыл мереке күніңіз.

Бәрімізге ақыл-кеңес беретін,

Ұжымымыздың ұйтқысы боп жүріңіз!

Қашанда қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл өмірдің бұлтарысы көп, бұралаң ұзақ жолында таңдаған мамандығыңыздың қыры мен сырын шебер меңгеріп, бүгінде Павлодар қаласының №16 мектеп-лицейінің басшысы лауазымында қалтқысыз қызмет атқарып келесіз. Өзіңіз басқарып отырған мектеп ұжымы Сізді үлкенге ілтипатты, кішіге қамқор болған, қатарластарына адал дос бола білген ізгі жүректі тұлға, еңбекте беделді маман, абыройлы жетекші, қаталдығы мен әділдігі жарасқан білікті басшы ретінде үлгі тұтады.

 Өзіңізге Жаңа жылда қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңызға шаттықтың орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз! Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыңыздан таймай, әлі де талай асулардан аса беріңіз!

 Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстаздарының атынaн!