«Көктемгі игі істер»
24 сәуір күні 5-6 сынып оқушылары, яғни мектебіміздің «Жас Ұландары» «Көктемгі игі істер» акциясының қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйлеріне барып, оларды құттықтады. Қол ұштарын берді. Ардагерлеріміз соғыс жылдарының фото суреттерін көрсетіп, оқушылармен әңгіме дүкен құрды.