Сенім телефоны
53-57-39
email: sosh16@goo.edu.kz
Мекенжайы: Айманов к., 51
53-23-04 53-75-41
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі с 16:00 до 18:00 Жұма с 16:00 до 18:00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
В рамках аттестации.
24-02-2009 18:00

19 ақпанда № 16 лицей-мектебінің 8 а сыныбында « Қазақтың музыка өнері» атты ашық сабақ өтті.

Сабақты өткізген жоғары санатты тәжірибелі ұстаз ,қалалық, облыстық деңгейде бірнеше жеңімпаздарды дайындаған, «Современный урок-2004» сайысының гран-при иегері

Қабылбекова Жібек Көкенқызы.

Сабаққа ОМБАИ әдіскері және облыстың бірнеше қазақ тілі мұғалімдері қатысты.

Сабақтың мақсаты: «Музыка өнерінің адамға тигізетін әсері, туғызатын сезімдері туралы түсінік беру. Музыка өнерінің құдіреттілігін таныту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Өнерсүйгіштік қасиетін таныту арқылы басқа ұлттың оқушыларын қазақтың халық әндері мен күйлерін сүюге, тілін қастерлеуге тәрбиелеу. Өз ойын түсінікті, дәлелді, нақты шебер тілмен жеткізуге дағдыландыру .».

Сабақтың техникалық жабдығы: компьютер, СД-диск .

Сабақта мұғалім классикалық музыканы басқа музыка түрлерімен салыстыра отырып, оның адамға беретін әсерін, кластер арқылы, компьютерлік слайдпен көрсетіп отырды.

Халық әнінің түрлері: жыр, айтыс,терме,күй туралы түсініктеме берілді.

Халық аспаптар туралы слайд көрсетіліп, олардың кейбіреуінің үні компьютерден тыңдалды. Домбыра , қобыздың шығуы туралы аңыздарды оқушылар өздері қосымша тапқан материалдары бойынша айтып берді.

Сабақ барысында Естай Беркімбайұлы, Жаяу Мұса, Ыбырай Сандыбайұлы, Күләш Байсейітова ,Ғарифолла Құрманғалиев, Әлібек Дінішев, Бибігүл Төлегенова , Әміре Қашаубаев т.б көптеген жезтаңдай әншілер туралы көптеген бейне материалдар көрсетілді.

Сабақ барысында қазақша көптеген ән-күйлер тыңдалды.

Лексикалық материалмен қатар грамматикалық материалдарға да көп көңіл бөлінді. Оқушылар интерактивтік тақтада сөйлемдерге синтаксистік талдаулар жасап, өз білімдерін жақсы деңгейде байқата білді. Оқушылар сабаққа түгелдей белсенді қатысты. Сабақтың танымдық жағына көп көңіл бөлінді.

Сабақ жоғары деңгейде, өте тартымды, қызықты өтті. Сабаққа қатысушы мұғалімдер ұстазға өз ризашылықтарын білдіріп, сабақтың өздеріне ұнап, жақсы әсер қалдырғанын айтты.

Келешекте біз де әріптесімізге шығармашылық табыс тілейміз.!

№16 лицей –мектебінің ұжымы.